НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Елдегі автосалондарға таң атқалы жеңілдікпен көлік сатып алғысы келетін жүздеген адам барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Автосалонда көлік сатып алуға өтінімді тікелей рәсімдеу әзірге мүмкін емес. Автокөлік дилерлерінің қызметкерлері тізім жасайды. Содан кейін оларды базаға енгізіп, төлем шотын қолға береді.
Ережеге сәйкес, салондар келушілерге VIN кодын (көліктің бірегей коды) беруі керек. Бірақ әзірге олай емес.
Адамдар кезектегі орнынан айырылып қалмауға тырысып жатыр.
Автодилерлердің айтуынша, бүгін келгендердің арасында темір тұлпар тегін беріледі деп ойлайтындар да бар.
Ең танымал бренд - Kia Rio. Оны қазірдің өзінде брондау мүмкін емес.