Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстандағы автосалон
Қазақстандағы автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Отандық өндірістің көліктерін сатып алуға бес банк кредит береді
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Осы дүйсенбіде, 16 мамырда қазақстандық банктер жылдық 4 процентпен жеңілдетілген автокредит бере бастайды.
Банктер корпоративтік рәсімдерді жүргізіп, өнеркәсіпті дамыту қорымен келісімшартқа отырды.
Қазақстанның бес екінші деңгейлі банкі жеңілдетілген автокредит береді. Мемлекет "Жасыл Даму" шотынан тиімді автокредитке 100 миллиард теңге бөлді. Қазақстанның өңірлеріндегі автобус парктерін жаңартуға шамамен 30 миллиард теңге бағытталады.

Жеңілдетілген автокредит алу шарттары

Үкімет жеңілдетілген автокредит бағдарламасының негізгі шарттарын бекітті:
сыйақы мөлшерлемесі – 4%;
кредит сомасы – 10 миллион теңгеден аспайды;
қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
бастапқы жарна – 0%-тен бастап;
көлік құралының құны – 15 миллион теңгеден аспайды.
Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейлі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуға тиіс.
Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автокредит алуға тыйым салынады.
Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың автокредит алуға басым құқығы болады.
Жаңалықтар
0