Экономика

"Алтын Орданы" жалға алушылар бюджетке 1,5 млрд теңге салық төлеуге міндеттелді

"Алтын Орда" базарында жұмыс істейтін мыңдаған кәсіпкер уақытында салық төлемей келген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр — Sputnik. Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарын тексерді.
Базарда жұмыс істейтін кәсіпкер ретінде 2 993 адам тіркелгені анықталды. Бұрын есепте тұрған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны - 3 324. Тексеруге дейін базар аумағында тек 331 салық төлеуші есепте тұрды, деп хабарлады Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Базарды жалға алушы Altyn Orda QazTrade Ltd пен базар иесі "KURYLYS LTD" - "Құрылыс ЛТД" ЖШС-на қатысты жүргізілді.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 1,5 миллиард салық төленді. Altyn Orda QazTrade Ltd 1,4 миллиард теңге салық төледі, ал KURYLYS LTD - "Құрылыс ЛТД" бюджетке 92,3 миллион теңге салды", - деп атап өтті комитетте.
Фирмаларға жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге хабарлама құжат берілді. 1,1 миллиард теңге салық есептелді, 650 миллион теңгесі өндірілген.
Қазіргі уақытта осы кәсіпорындарға қатысты салықтық тексерулер жүргізіліп жатыр.
Тоқаев "майшелпекке" теңеген базардың қожайыны Болат Назарбаев болып шықты