https://sputnik.kz/20220215/toqaev-mayshelpekke-tenegen-bazardyn-qozhayyny-bolat-nazarbaev-bolyp-shyqty-22801068.html
Тоқаев "майшелпекке" теңеген базардың қожайыны Болат Назарбаев болып шықты
Тоқаев "майшелпекке" теңеген базардың қожайыны Болат Назарбаев болып шықты
Sputnik Қазақстан
Заңды тұлғалардың сенімділігін тексерумен айналысатын – pk.adata.kz сайтының ақпаратынша, "Алтын орда" базарына иелік ететін "KURYLYS LTD" ЖШС-ны Болат... 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T11:42+0500
2022-02-15T11:42+0500
2022-02-15T11:53+0500
базар
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/04/18572611_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_6265a7a72128aecd3ae95c61ebbbd892.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі президент тәртіп орнатуды тапсырған "Алтын орда" базары кімге тиесілі екенін айтты.Үкімет отырысында министрлік ұсынған презентацияға сүйенсек, "Алтын орда" базарының аумағы "KURYLYS LTD" ЖШС-на, ал субаренда "Atyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС-на тиесілі.Базардың жалпы сауда аумағы – 218 151 шаршы метр.Тауар айналымы көлемі айына орташа есеппен 147 миллион теңгеге жетеді, ал жүк айналымы – күніне 500 камаздан асады. Базарға күн сайын 8-15 мың сатып алушы барады."Алтын орда" базарында 5 050 сауда орны бар, оларды 4 540 адам жалға алған. Аренда ақысы орташа есеппен 42,5 мың теңгені құрайды.Базар аумағында "Алтын орда" қонақ үйі орналасқан.Министрлік базар ішкі сауда ережелерінде белгіленген талаптарды сақтамайтынын, көлеңкелі сауда айналымы бар екенін мәлімдеді.Ведомство базардың жабылуы теріс салдарларға әкеп соғуы мүмкін деп санайды.Презентацияда көрсетілгендей, Алматы облысында 84 базар, Алматы қаласында 45 базар жұмыс істейді.Айта кетері, заңды тұлғалардың сенімділігін тексерумен айналысатын – pk.adata.kz сайтының ақпаратынша, "KURYLYS LTD" ЖШС-ны Елбасының інісі Болат Назарбаев басқарады.Нағыз "майшелпекке" айналғанЖуырда үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі айдың ішінде "Алтын орда" базарын ретке келтіруді тапсырды.Айтуынша, бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз "майшелпекке" айналған.Президент Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, қажет болса бұл жұмысқа құқық қорғау органдарын тартуға кеңес берді.Оқи отырыңыз: Тоқаев "Алтын Орда" базарын тәртіпке келтіруді тапсырды
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/04/18572611_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_b7670e922fe9a7729311ee70fcf7d938.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
базар, алматы
Тоқаев "майшелпекке" теңеген базардың қожайыны Болат Назарбаев болып шықты
11:42 15.02.2022 (жаңартылды: 11:53 15.02.2022) Заңды тұлғалардың сенімділігін тексерумен айналысатын – pk.adata.kz сайтының ақпаратынша, "Алтын орда" базарына иелік ететін "KURYLYS LTD" ЖШС-ны Болат Назарбаев басқарады
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі президент тәртіп орнатуды тапсырған "Алтын орда" базары кімге тиесілі екенін айтты.
Үкімет отырысында министрлік ұсынған презентацияға сүйенсек, "Алтын орда" базарының аумағы "KURYLYS LTD" ЖШС-на, ал субаренда "Atyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС-на тиесілі.
Базардың жалпы сауда аумағы – 218 151 шаршы метр.
Тауар айналымы көлемі айына орташа есеппен 147 миллион теңгеге жетеді, ал жүк айналымы – күніне 500 камаздан асады. Базарға күн сайын 8-15 мың сатып алушы барады.
"Алтын орда" базарында 5 050 сауда орны бар, оларды 4 540 адам жалға алған. Аренда ақысы орташа есеппен 42,5 мың теңгені құрайды.
Базар аумағында "Алтын орда" қонақ үйі орналасқан.
Министрлік базар ішкі сауда ережелерінде белгіленген талаптарды сақтамайтынын, көлеңкелі сауда айналымы бар екенін мәлімдеді.
Ведомство базардың жабылуы теріс салдарларға әкеп соғуы мүмкін деп санайды.
Презентацияда көрсетілгендей, Алматы облысында 84 базар, Алматы қаласында 45 базар жұмыс істейді.
Айта кетері, заңды тұлғалардың сенімділігін тексерумен айналысатын – pk.adata.kz сайтының ақпаратынша, "KURYLYS LTD" ЖШС-ны Елбасының інісі Болат Назарбаев басқарады.
Нағыз "майшелпекке" айналған
Жуырда үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі айдың ішінде "Алтын орда" базарын ретке келтіруді тапсырды.
Айтуынша, бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз "майшелпекке" айналған.
Президент Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, қажет болса бұл жұмысқа құқық қорғау органдарын тартуға кеңес берді.