Өңірлер

Алматыда 1,8 млрд теңге болатын танымал брендтердің автобөлшектер қоймасы анықталды

Тергеу аяқталды, іс сотқа жіберілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр — Sputnik. Алматыда қаржы мониторингі агенттігі департаментінің қызметкерлері 1,8 миллиард теңгеден астам сомаға Toyota, Lexus, Hyundai, Honda тауар белгісі бар контрафактілік автобөлшектер қоймасын тауып жойды.
"Алматы бойынша агенттіктің аумақтық департаменті қала прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Контрафактілік қосалқы бөлшектер брендтелген қораптарға салынып, кейін сатылғаны анықталды", - деді агенттіктің баспасөз қызметі.
Іс-шаралар нәтижелері бойынша барлығы 106 мыңға жуық контрафактілік автобөлшек тәркіленді. Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылды