НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы қазақстандық туристер тарапынан сұраныстың артуына байланысты Грузияға ұшатын рейстер санын көбейтуді жоспарлап отыр.
"Нұр-Сұлтаннан Батумиге тікелей рейстер орындалады. Жолаушылар ағыны айтарлықтай көп, Қазақстанда грузин бағыты жоғары сұранысқа ие", - деді Грузия қалалары бойынша ақпараттық тур барысында әуе компаниясының өкілі Тілек Әбдірахымов.
Ұлттық туризм әкімшілігінің ақпаратынша, осы жылдың алғашқы төрт айында Грузияға 20 мыңнан астам Қазақстан азаматы барған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 476%-ке, 2019 жылмен салыстырғанда 22,5%-ке көп.