Өңірлер

Талдықорғанда зейнеткер психотроптық препараттар сатқан

Жиналған материалдар сотқа жіберілді
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 мамыр — Sputnik. Талдықорғанда психотроптық дәрі-дәрмектерді заңсыз сатты деген күдікпен 66 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Егде жастағы әйел күшті психотроптық заттарға жататын және қатаң медициналық есепке алынған "Трамадол" деп аталатын өнімді сату кезінде ұсталған.
"Күдіктіден трамадолдың 26 орамы табылып тәркіленді. Бұл препараттың сатылымы қатаң бақыланады және дәрігер рецептісіз сатып алу мүмкін емес. Қазір біз оны қандай дәріханадан немесе медициналық мекемеден алғанын тексеріп жатырмыз", - деді Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.
Зейнеткердің ісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 424-бабы бойынша ("заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет") қаралады.
Жиналған материалдар сотқа жіберілді.
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда ер адам зейнеткердің 19 млн теңгесін ұрлап кетті