Денсаулық

Бас ауруынан дәрі-дәрмексіз қалай құтылуға болады

Массаж бен арнайы майлар бас ауруын жеңілдетуге көмектеседі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Дәрісіз бас ауруынан қалай арылуға болатынын Sputnik радиосына невропатолог Игорь Орлов айтты.
Ол мидың қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауына байланысты бас жиі ауыратынын түсіндірді. Мұндай жағдайда, әдетте, қан айналымын жақсартатын препараттар тағайындалады. Құлаққа арнайы майларды тамызу да қан айналымын белсендіреді.
"Мысалы, камфор майын қолдана аласыз. Құлаққа бірнеше тамшы тамызып, мақта қоюымыз керек", - деді дәрігер.
Ол құлаққа массаж жасау да көмектеседі деп отыр.
"Құлаққа алақанмен массаж жасауға болады. Құлақты жауып, аздап басып, баяу уқалаңыз. Бұл қан қысымын жоғарылатып, бас ауруын жеңілдетуге, мидың қан айналымын жақсартуға және құлақтағы шудан арылуға өте пайдалы", — деді невропатолог.
Ол массажды дұрыс жасау маңызды екенін атап өтті.
Дерекқор
Ауырғанда оқылатын дұғаларды білесіз бе?