Расулулла (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Осман бин Әбиластың көңілін сұрап келді. Ол ауырып жатқан еді. Сырқаты ауыр және шаншитын.
– Ауырған жерді оң қолыңмен жеті рет уқала да әрқайсысында: "Әузу бииззәтиллаһи уә қудрәтиһи мин шәрри ма-әжиду уә ухазиру деп оқы!", — деп бұйырды. Осман былай дейді:
– Aйтқанындай істедім. Ауруымнан айығып кеттім. (Бостанул-Арифин)
Айша анамыз айтқан:
– Бір жері ауырса Расулулла (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) "Фәләқ" және "Нас" сүрелерін оқып мүбәрәк қолына үрлеп, ауырған жерін сипайтын.
"Фатиха", "Аят әл-Курси" және "төрт Қул" (яғни "Кәфирун", "Ықылас", "Фәләқ", "Нас") сүрелерін 7 реттен оқып ауру кісіге үрленетін болса, Алланың қалауымен бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға, көз тигенге, жануарлардың тістегеніне, шаққанына жақсы көмектеседі.
Тағы оқыңыз: Исламда ақ шаштың түсуі ненің белгісі?
Оқылған Құран Кәрімнің және дұғалардың әсер етуі үшін оқып жатқан адам бұған сеніп, науқас харам тағамдар мен күмәнді дәрі-дәрмектен барынша сақтануы керек. Ықыласпен, шын көңілмен тәубе етуі тиіс. Дұға да дәрі сияқты, Алла Тағала қаласа әсер етеді. Шипаны Алла Тағала беретініне сену керек.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) үш түрлі ем қолданған: Құран Кәрім, дұға оқыған және ғылыммен табылған дәрілерді қабылдаған. Сондықтан дәрігерлерге де қаралу керек. Ол да бір себеп. Алла Тағала барлық нәрсені себеппен жаратып, соларға ден қоюға әмір еткен.
Тағы оқыңыз: Исламда зинадан да ауыр күнә қандай?
Дереккөз: muftyat.kz