НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Мессенджерлерде Қазақстанның ЕАЭО кеден одағынан шығу туралы бастама көтергені жайлы ақпарат таратылып жатыр. Бұған "Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер" себеп болған делінген.
Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Stopfake.kz,
"Қазақстанның "жоспары" туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, таратылған хабарлама авторы өзінің дереккөздеріне сүйенеді. Бұл фейк ақпарат белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес.
Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ.