Ресей ЕАЭО-да ұлттық валютада есеп айырысуға шақырып отыр

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуСтопки монет, архивное фото
Стопки монет, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
Халықаралық санкциялардың ықпалында қалған Ресей экономиканы жеделдетіп еуро мен доллардан "тазартып" жатыр. Мәскеу барлық серіктесімен өзінің ұлттық валютасында есеп айырысуға көшіп жатыр. Әзербайжанмен арадағы сауданың үштен бірі рубльмен орындалуда және бұл көрсеткіш күн санап өсіп жатыр. Бірақ посткеңестік кеңістіктегі терең интергация үшін Еуразиялық одақта жаңа әдіс қажет, деп жазды РИА Новости.
Батыс санкцияларына дейін-ақ Әзербайжан компаниялары ресейлік серіктестерімен келісім жасау барысында есеп айырысу кезінде рубльді қолданған. Бірақ бағаны еуро немесе долларда көрсететін. Сонда екі тәуелсіз мемлекет үшінші елдің валютасының негізінде өзара қарым-қатынас құрды. Бұл бүкіл посткеңестік кеңістікте қалыптасқан ахуал.
Мәскеумен есеп айырысуда Душанбе де рубльге көшуді көздеп отыр. Тәжікстан билігі Сангтудин ГЭС-1 электр энергиясын сатып алу бойынша мәмілені қайта қарастыруды жоспарлап отыр. Бұл станцияның 25%-і республика үкіметіне, 75%-і ресейлік компанияларға тиесілі. Енді осы нысанда өндірілетін электр қуатын рубльге сатып алады.
Сонымен қатар Мәскеу Өзбекстанды да доллардан ғана емес, еуроға тәуелділіктен құтылуға үгіттеп жатыр. Ташкентте өткен "ИННОПРОМ-2022" шарасының ашылу салтанатында Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, алдымен пандемия, одан кейін қазіргі халықаралық оқиғалар тәуелсіздікті нығайту және мемлекеттер арасындағы кооперация өсімі үшін бүкіл әлем елдерін ұлттық валютаға көшуге итермелеп жатыр.
Доллар және теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Экономика
ЕАЭО елдері өзара есеп айырысуда доллардан бас тартуға тырысып жатыр – Ресей СІМ
"Мәскеудің қызығушылығы кездейсоқ емес. Біріншіден, Өзбекстанға он миллиард доллар инвестиция құйылды. Екіншіден, ондағы кәсіпорындардың 17,5%-і ресейліктерге тиесілі. Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 7,5 миллиард доллардан асты. Республиканың сыртқы саудасында Ресей ең жоғары (17,9%) үлеске ие. Өзбекстанның ЕАЭО-да бақылаушы болуы, ал ол посткеңестік кеңістіктегі экономикасы ең ірі елдердің бірі екені де маңызды", - деп жазды мақала авторы.
ЕАЭО елдері арасындағы саудада рубльдің үлесі қазірдің өзінде үштен екі деңгейінен асты, деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев. 2013-2020 жылдар аралығында ол 63%-тен 74%-ке дейін өсті. Ресей Беларусьпен арадағы сауда-саттықтың 82%-інде, Қазақстанмен 63% және Қырғызстанмен 58%-те рубльді пайдаланады.
ЕЭК 2022 жылдың соңына дейін өзара саудадағы ұлттық валютамен есеп айырысудың үлесі 85%-тен асады деп күтіп отыр. Армения газды рубльмен сатып алып жатыр, Беларусь те энергия ресурстарын ресейлік валютаға сатып алмақ.
Беларусь қаржы министрі Юрий Селиверстов ЕАЭО ішінде есеп айырысуда неғұрлым тезірек ұлттық валютаға немесе рубльге көшуді ұсынды. Минсктің бұл белсенділігіне оның Мәскеу секілді санкцияларға "ұшырауы" себеп екені белгілі. Ал басқа мемлекеттер асығар емес.
РФ экономикалық даму министрі Максим Решетников бұған дейін ЕАЭО мемлекеттері кедендік есеп айырысуды ұлттық валютаға кезең-кезеңімен көшіру туралы келісімге келгенін, ал негізгі бөлігі рубльде болуы тиіс екенін мәлімдеген болатын. Бірақ Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі "кедендік баж салығын қабылдау және бөлу кезінде рубльге Ресей мен Беларусь қана ауысатынын" айтты. Ал Армения, Қазақстан және Қырғызстан долларды пайдалануды жалғастырады.
"ЕАЭО елдері үшін рубльмен есеп айырысу өте қолайлы. Мысалы, валютамен үнемі проблема туындайтын Беларусь төлемді рубльмен жіберуді жиі сұрайтын", - дейді саясаттанушы Андрей Суздальцев.
Оның пікірінше, жаңа жүйеге көшу Ресейдегі доллар бағамын тұрақтандыру әрі төмендетуге ықпал етеді. Еуроодақ елдері үшін бұл тиімсіз болады: биржада рубль нығайып, ресейлік газ бағасы өседі. Бірақ бұл кей сарапшылар айтып жатқандай доллардың құлдырауына алып келмейді. Оның үстіне, рубль бағамы тұрақсыз болуына байланысты ол ЕАЭО-дағы бірыңғай валютаға айналуы екіталай.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Саясат
Тоқаев пен Путин Қазақстанның ЕАЭО кеден одағынан шығуын талқылаған жоқ
"Энергия тасымалдағыштар долларға және аздап еуроға сатылады. Сондықтан Қазақстанн ресурстарды шетелге және көрші елдерге америкалық валютаға жеткізеді. Олар қазір күшінде тұрған басқа да мәмілелерді қайта қарастырғысы келмейді, - дейді Суздальцев. – Руль курсы тым тұрақсыз екенін ұмытпау керек".
Ал ресейлік экономист Владимир Савченко барлық жағдай билік етуші тараптың Ресеймен одақтастықты нығайтуға деген көзқарасына қатысты қалыптасатынын айтты. Олар Мәскеумен саяси мәселеде байланысты болғанымен, экономикалық тұрғыда бәрі біршама күрделі және алшақтық басым.
"Ақша – бұл тек айналым құралы. Одақтас қарым-қатынаста біз бірлескен кәсіпорындар құрудың бастапқы кезеңінде қалып қойдық. Бізге трансұлттық корпорациялар құрып, осылайша технология, ғылым, өнеркәсіпті нығайту қажет. Бұл компаниялар ЕАЭО елдеріндегі бизнесті біріктіріп, ел экономикаларын интеграциялайды", - деп түсіндірді Савченко.
Сарапшының пікірінше, дербес өндірісті қалыптастыруға одаққа мүше елдердің үшінші мемлекеттер алдындағы сыртқы міндеттемелері кедергі болып отыр. Ал Ресей көрші елдердің экономикасына тым бәсең араласып жатыр. Савченко Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерін Түркиядан емес, Орталық Азия мен Армениядан сатып алатын уақыт біраз бұрын жетіп қойғанын атап өтті.
Жаңалықтар
0