Павлодарда қария төртінші қабаттан құлап кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Павлодарда 84 жастағы ер адам төртінші қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап түсті, деп хабарлады @Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 мамыр күні сағат 02:50-де Павлов көшесіндегі үйдің жанында қала тұрғынының денесі табылған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Елорда тынысы
Елорда тұрғыны өмірін қауіпке тігіп, терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарды