Елорда тынысы

Елорда тұрғыны өмірін қауіпке тігіп, терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарды

37 жастағы қала тұрғыны марапатқа ұсынылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сәбит Шонтақбаев қайсарлық танытып 8 қабаттың терезесіне ілініп тұрған үш жастағы қызды құтқарды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға, бүгін, 11 мамырда болған.
"Ұлы дала 27/1 мекенжайындағы үйдің терезесінен баланың құлап кетейін деп тұрғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеті құтқарушысы мен екі техника аттанды", - делінген хабарламада.
Алайда құтқарушылар жеткенге дейін баланы жетінші қабатта тұратын көршісі құтқарып үлгерген.
2019 жылы туған қыз бала үйде ата-анасымен болған. Алайда сол сәтте бала жалғыз қалған, деп нақтылады департаменттегілер.
Жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев есімді азамат өз өмірін қауіпке тігіп баланы ілініп тұрған жерден түсіріп алды.
37 жастағы қала тұрғыны марапатқа ұсынылды.