Денсаулық

Адам жақсы демалуы үшін кем дегенде неше күн керек

Демалыс және мереке күндері де жақсы демалыс үшін өте қысқа мерзім
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Мерекеде бірнеше күн демалыс кезінде психологиялық күйді реттеп алуға бола ма? Бұл туралы психология ғылымдарының кандидаты Светлана Колосова Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.
Жұмыс күндері адам ең алдымен психологиялық тұрғыдан шаршайды, ал кешкі серуен жүйкенің қалпына келуі үшін жеткіліксіз, дейді Колосова.
Демалыс және мереке күндері де жақсы демалыс үшін өте қысқа мерзім, деп қосты ол.

"Демалуға деген ұмтылыстың басты себебі – психологиялық стресс. Адам жұмыста күн сайын ақпараттың үлкен көлеміне тап болады. Көбінесе біз психологиялық қысымнан шаршаймыз", - деді Светлана Колосова.

Психолог мәлімдегендей, адамға жұмыстан демалу үшін үш күннен бір аптаға дейін уақыт қажет.
"Жақсы демалу үшін кем дегенде он күннен екі аптаға дейін уақыт қажет", - деді ол.
Бірақ демалыс кезінде қызмет түрін өзгерту маңызды. Колосованың айтуынша, егер адам жай ғана жағажайда жатса, онда жақсы демалуға кететін уақыт үш аптаға созылады. Егер жағажайда демалып, онымен қоса сурет салса, онда екі есе аз уақытта демалып үлгеру мүмкін.
Жай ғана жатып қана қоймай, мидың белсенді жарты шарын ауыстыру керек.