Спорт

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: жарыс жолына Алуа Балқыбекова шығады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Ыстанбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде жарыс жолына Алуа Балқыбекова шығады.
10 мамырда бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл салмақта Қазақстан намысын Алуа Балқыбекова қорғайды. 1/8 финалға берілер жолдаманы ол канадалық Приянка Диллонмен сарапқа салады.
Әлем чемпионаты екінші сайыс күнінің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 20:55-те басталады.

Еске салсақ, 8 мамырда ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді тізе бүктірді.
Дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы сынға түседі. Олардың қатарында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бар.
Спорт
Қазақ боксшысының нокауты Халықаралық бокс қауымдастығын таңдандырды – видео