НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысында Титов атындағы ауылда 7 мамыр күні кешке атыс болды.
Салдарынан 26 мен 29 жас аралығындағы үш адам көз жұмды. Тағы екеуі, соның ішінде 47 жастағы ер адам жараланды. Олардың аяғына оқ тиген.
Полиция адам өліміне әкеп соққан атыс фактісін растады. Бірақ оқиғаның мән-жайын ашып айтудан бас тартты.