Оқиға

Қызылорда облысындағы атыс: үш адам мерт болып, екеуі жараланды

© AFP 2024 / KAREN BLEIERАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2022
Жазылу
Екі және одан көп адамның өлімі туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысында Титов атындағы ауылда 7 мамыр күні кешке атыс болды.
Салдарынан 26 мен 29 жас аралығындағы үш адам көз жұмды. Тағы екеуі, соның ішінде 47 жастағы ер адам жараланды. Олардың аяғына оқ тиген.
Полиция адам өліміне әкеп соққан атыс фактісін растады. Бірақ оқиғаның мән-жайын ашып айтудан бас тартты.
Жаңалықтар
0