Ресей Қошқарбаев пен Булатов туралы мұрағат құжаттарын Қазақстан мұражайына тапсырды

Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу бағдарламасының маңызды бөлігі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр - Sputnik. Сенбіде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады.

"Бұл материалдар лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатовтың ерлігінің дәлелі. Олар 1945 жылы 30 сәуірде бірінші болып Рейхстагқа Жеңістің қызыл туын тікті", - делінген елшілік хабарламасында.

Тәуелсіз қазақстандық журналист Ақмарал Баталованың арқасында құжаттар табылып, кітап болып басылып шықты.
Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстан Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев, Нұр-Сұлтандағы Русский дом қызметкерлері қатысты.
Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу бағдарламасының маңызды бөлігі, деп қосты елшілікте.
Өмірбаяндар
Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы не білеміз?