Ресей Қошқарбаев пен Булатов туралы мұрағат құжаттарын Қазақстан мұражайына тапсырды

© Photo : Посольство России в КазахстанеРесей Қошқарбаев пен Болатов туралы мұрағат құжаттарын Қазақстан мұражайына тапсырды
Ресей Қошқарбаев пен Болатов туралы мұрағат құжаттарын Қазақстан мұражайына тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2022
Жазылу
Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу бағдарламасының маңызды бөлігі
НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр - Sputnik. Сенбіде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады.

"Бұл материалдар лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатовтың ерлігінің дәлелі. Олар 1945 жылы 30 сәуірде бірінші болып Рейхстагқа Жеңістің қызыл туын тікті", - делінген елшілік хабарламасында.

Тәуелсіз қазақстандық журналист Ақмарал Баталованың арқасында құжаттар табылып, кітап болып басылып шықты.
Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстан Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев, Нұр-Сұлтандағы Русский дом қызметкерлері қатысты.
Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу бағдарламасының маңызды бөлігі, деп қосты елшілікте.
Астанадағы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2019
Өмірбаяндар
Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы не білеміз?
Жаңалықтар
0