НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры қымбат тұратын тағы бір "Онасемноген абепарвовек" (Zolgensma) препаратын сатып алды. Мұндай дәрі Қазақстанда тіркелмеген, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Препаратты Қазақстанға Novartis өндіруші компаниясы жеткізді.
Жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі егілді. Қазір балақай анасымен бірге Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауында жатыр.
Бұған дейін емделушіден биоматериал алынып, балаға арнайы дәрілік өнімді әзірлеу үшін Novartis компаниясына жіберілген.
Естеріңізге сала кетейік, қор бұған дейін SMA диагнозы қойылған балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын.
"University Medical Center" корпоративтік қорының Ана мен бала Ұлттық ғылыми медициналық орталығының базасында Zolgensma дәрілік өнімін шығарушы компанияның протоколына сәйкес 2 жасқа дейінгі балаларға енгізіп, оңалтуын бақылап отырады. Ана мен бала ғылыми медициналық орталығы бұл қызметті кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек аясында көрсетеді.
Маңызды ақпарат, осыған дейін Ана мен бала медициналық орталығының базасында "СМА емдеу" мультидисциплинарлық тобы құрылып, қазақстандық мамандар үшін Новартис компаниясының ғылыми қызметкерлері Zolgensma-ны қолдану бойынша 2 оқу курсын өткізген.