Экономика

Нұр-Сұлтаннан Ақтөбе мен Оралға жаңа рейстер ашылды

Ұшақтар Оралға 21 мамырдан, Ақтөбеге 2 маусымнан бастап қатынайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтаннан Ақтөбе мен Оралға жаңа рейстер ашылады, деп хабарлады FlyArystan әуе компаниясы.
2 маусымнан бастап бейсенбі және жексенбіде Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге рейстер жүзеге асырылады. Билет бағасы - 8 000 теңгеден басталады.
Нұр-Сұлтан - Орал бағыты бойынша әуе рейсі биыл 21 мамырда іске қосылады. Бұл бағытта ұшақтар дүйсенбі және сенбіде ұшады. Билет бағасы 11 500 теңгеден басталады.
"Билеттерді брондаған кезде тарифтік пакеттерге назар аудару қажет. Жолжүгі қарастырылған билеттерді 60%-ке дейінгі жеңілдікпен сатып алуға болады", - делінген лоукостердің әлеуметтік желілердегі хабарламасында.
FlyArystan билетті 3000 теңгеден сатып жатыр