FlyArystan билетті 3000 теңгеден сатып жатыр

FlyArystan ұшағы
FlyArystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Жазылу
Акцияның билеттерін тек 3 мамырда алуға болады
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясы мерейтойдың құрметіне Қазақстандағы барлық бағытқа билетті 3000 теңгеден сататынын хабарлады.
Мұндай билеттің жалпы саны – 3000. Сату сағат 12.00-де басталды.
"1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында саяхаттау үшін билет сатып алыңыз. Акцияның билеттерін FlyАrystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында 3 мамыр сағат 12:00-ден 4 мамыр 00:00-ге дейін алуға болады", - делінген хабарламада.
Тасымалдаушы алғашқы рейсін 2019 жылдың мамыр айында жасады. FlyArystan 40 бағытқа, оның ішінде 11 халықаралық бағытқа ұшады.
Жаңалықтар
0