Экономика

25 млн теңге: Қазақстанға арақтың ірі партиясын кіргізбек болғандар ұсталды

Алкоголь өнімдерінің бұл партиясы жылдам пісетін кеспе түрінде тасымалданған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Құны 25 миллион теңгеден асатын алкоголь партиясын Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы арқылы алып өтуге тырысқандар ұсталды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Контрабандалық жүк тиелген екі автокөлік Жамбыл облысындағы "Айша-бибі" шекара бекетінде анықталды. Тексеру барысында Қазақстан аумағына 25 920 бөтелке Parlament және Antivirus арағын заңсыз әкелу фактісі белгілі болды.
Сондай-ақ, алкоголь өнімдерінің бұл партиясы Big Bon жылдам пісетін кеспе түрінде тасымалданған. Алдын ала бағалау бойынша, ұсталған алкоголь өнімінің жалпы құны 25 660 800 теңге.
Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Өңірлер
Жезқазғанда балабақша құрамында алкоголь бар 100 келі кәмпит сатып алмақ болған