Оқиға

Елордада көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырды

Жол апаты Кенесары көшесі мен Республика даңғылы қиылысында болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Елордада екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен 58 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады. Автор Нұр-Сұлтанда екі әйелді көлік қағып кеткенін айтқан. Зардап шеккен бір әйелдің қасында кішкентай баласы болған.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін, 4 мамыр "Лада Ларгус" жүргізушісі Кенесары көшесі мен Республика даңғылы қиылысында екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Артынша оқиға орнынан ізін жасырған.
"Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автокөлікті Отырар көшесіндегі үйдің ауласында тоқтатты. Рөлде 58 жастағы жүргізуші отырған. Қазір ол куәландыруға жіберілді", - деді полиция департаментіндегілер.
Бұл факті бойынша анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша кінәлі адамға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.
Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, үшеуі жарақат алды