Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, үшеуі жарақат алды

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Иллюстративті фото
 Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2022
Жазылу
Зардап шеккендердің бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілді
ПАВЛОДАР, 30 сәуір – Sputnik. Екі әйел көз жұмды, біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді, тағы екі зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сағат 09.05-те Павлодар облысы Шақат ауылының маңында ВАЗ-2110 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі ГАЗ-53 көлігімен соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Жол апаты салдарынан 1987 және 1978 жылы туған ВАЗ-2110 жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. 1969 жылы туған жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, қаза тапқандардың екеуі де әйел адам. Тағы бір әйел көптеген дене жарақатымен ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Сонымен қатар зардап шеккен 1997 және 1969 жылы туған ер адамдар ауруханаға жатудан бас тартты. Біреуінің миы шайқалып, беті сыдырылып, кеуде қуысы жараланған. Екіншісі денесін ауыртып алған. Екеуі де амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Полицейлер сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатқанын атап өтті.
Жаңалықтар
0