"Су шығып жатса, айтарсыздар": мәжіліс төрағасы депутаттарға ескерту жасады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Депутат Айдос Сарым мәжілісті әлеуметтік-мәдени даму комитетінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төменгі палатаның бүгінгі отырысында депутат Айдос Сарымның басқа комитетке ауысуы мәселесі қаралды. Ол әлеуметтік-мәдени даму комитетінен халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуға өтініш білдірді. Әріптестері оның өтінішін бірауыздан қолдады. Осы кезде мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов: "Әлеуметтік комитеттің мүшелері қолдаймыз деп жатыр. Кеткеніне қуанып жатырсыздар-ау деймін", - деп әзілдеді. Бәрі ду күлді.
Осыдан кейін Қошанов әріптестеріне ескерту жасады.
"Әріптестер, енді бір комитеттен бір комитетке ауысуды тоқтатайық. Солай ма? Осы Айдос Сарыммен тоқтайық. Су шығып жатса, айтарсыздар", - деді Қошанов. Депутаттар тағы ду күлді.
Қоғам
Парламент таратыла ма – мәжіліс төрағасы жауап берді