Қоғам

Парламент таратыла ма – мәжіліс төрағасы жауап берді

© Photo : Facebook / Берік Уәлиархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
Журналистер одан Аmanat-тың парламенттік фракциясының басшысы болып қала бересіз бе деп сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент таратылуы мүмкін деген қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әзірге мұндай мәселе талқыланып жатқан жоқ. Жуырда президент саяси реформаларды жариялады. Біз жыл соңына дейін конституциялық заңдар мен басқа заңдарды қабылдауымыз керек. Әзірге аталған мәселені талқылаған жоқпыз", - деді Қошанов мәжіліс кулуарында.
Спикер кез келген партия саяси күреске дайын болуға тиіс екенін атап өтті.
"Егер ертең сайлау болады десе, әрине, біздің партия оған дайын", - деді ол.
Сондай-ақ, Қошанов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Amanat партиясынан шығуы партиялардың саяси бәсекелестігін күшейтетінін айтты.
"Біз парламенттегі орынға тең дәрежеде таласуымыз керек. Бұл тек саяси бәсекені күшейтеді. Amanat – басқарушы партия және ол саяси күреске дайын", - деді мәжіліс төрағасы.
Бұдан бөлек, журналистер одан Аmanat-тың парламенттік фракциясының басшысы болып қала бересіз бе деп сұрады.
Қошанов бұль мәселе парламентте әлі талқыланбағанын мәлімдеді.
Еске салсақ, кеше, 26 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатты. Енді партияны мәжіліс спикері Ерлан Қошанов басқарады.
Жаңалықтар
0