Экономика

Доллар тағы арзандады

Теңге биржада тағы нығая түсті, доллар бес теңгеге арзандады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 436,87 теңгені құрады.
Сауда қатысушылары теңге-доллар жұбымен жалпы сомасы 128,3 млн долларға 284 мәміле жасады. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 41,8 млн долларға артық. Ол кезде доллардың орташа сараланған бағамы 441,65 теңге болған еді.
kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 439-443 теңгеден сатып алып, 441-447 теңгеге сатып жатыр.
Рубльдің орташа бағамы 6,27 теңге болды. Сауда қатысушылары теңге-рубль жұбымен 1,69 млрд рубльге 70 келісім жасады. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 6,5 млрд рубльге аз.
Экономика
Ұлттық банк базалық ставканы 14%-ке дейін көтерді