Сауль Альварес қазақ боксшысымен спарринг өткізді

"Канело" жариялаған видеода оның қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлымен спарринг өткізген сәті көрсетілген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварес әлеуметтік желіде жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволмен жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп жазды Prosports.kz.
Бір қызығы, "Канело" жариялаған видеода оның қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлымен спарринг өткізген сәті көрсетілген.
Ербосынұлы Suleimen Promotions компаниясының құрамында Сан-Диегода Альвареспен спарринг өткізген еді.
Айта кетері, "Канело" — Бивол жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 7 мамыр күні (Қазақстан уақытымен 8 мамыр таңертең) өтеді.
Канело қазақстандықтарға үндеу жолдады