Канело қазақстандықтарға үндеу жолдады

© AP Photo / Isaac BrekkenСауль Альварес
Сауль Альварес - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Қазақстан үздік боксшылары бар жақсы мемлекет, мен міндетті түрде сіздердің елдеріңізге барамын, деді Сауль Альварес
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Танымал боксшы Сауль Канело Альварес қазақстандық боксшылардың дайындығына таңданып, Қазақстанға барғысы келетінін мәлімдеді.
"Қазақстанда өте жақсы боксшылар көп. Бірнеше апта бұрын біздің лагерімізге бірнеше қазақстандық боксшы қосылған, өте мықты боксшылар екен. Қазақстанды құттықтаймын! Жалпы, Қазақстан үздік боксшылары бар жақсы мемлекет, мен міндетті түрде сіздердің елдеріңізге барғым келеді. Бұл қазақтар жақын арада чемпион болады. Оған еш күмәнім жоқ. Алға, Қазақстан!", - деді Канело Suleiman Promotion арнасына берген сұхбатында.
Айта кетері, қазақстандық боксшылар Канелоға алдағы жекпе-жекке дайындалуға көмектесті. 7 мамырда Альварес Лас-Вегаста ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады. Мексикалық боксшының лагеріне Айдос Ербосынұлы, Евгений Павлов, Бек Нұрмағамбет, Данил Семенов, Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл жаттықты.
"Канело да, Канелоның бапкері де бізді жақсы қарсы алды. Канеломен спарринг өткізу барша боксшылардың арманы ғой. Біз бұл кісімен жаттығуда біргеміз, спаррингте біргеміз, соның өзі үлкен тәжірибе", - дейді Нұрмағамбет.
Айдос Ербосынұлы да үлкен тәжірибе жинағанын жазды.
"Абсолюттік әлем чемпионы әйгілі Канело Альвареспен бір айдан аса уақыт спарринг жұмыстарын өткізіп, спаррингтер лагері бізде өз мәресіне жетті. Мен үшін өте жақсы тәжірбие болды. Біраз өтімді тәсілдер үйреніп, керемет шыңдалдық", - дейді Ербосынұлы.
Айта кетері, Сауль Альварес алдағы жекпе-жекте жеңсе, қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы шығуы мүмкін.
Жаңалықтар
0