Оқиға

Алматы облысында картингке барған 10 жасар бала мерт болды - видео

Қайғылы жағдай 1 мамырда болған. Қазіргі кезде полицейлер тергеу шараларын бастап кетті, куәгерлерден жауап алынып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Алматы облысындағы Іле ауданында картингке барған он жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бала көлікпен пластмасс тосқауылды бұзып өтіп, су таситын ГАЗ-53 көлігінің артына соғылған.
"Куәгерлердің айтуынша, баланың картингін артынан келе жатқан адам соққан. Кейін инерциямен тосқауылды бұзып кетті. Артындағы картингте әйел болған дейді. Оқиға орнына Іле аудандық полиция бөлімінің шұғыл тергеу тобы барды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде полицейлер тергеу шараларын бастап кетті, куәгерлерден жауап алынып жатыр.
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда көлік үш баланы қағып кетті