Өңірлер

Шығыс Қазақстанда көлік үш баланы қағып кетті

© Photo : CC0 / ArtisticOperationsLexus
Lexus - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2022
Жазылу
Зардап шеккен балалар аудандық ауруханаға жеткізілді, олар жансақтау бөлімінде жатыр
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Nissan Skyline маркалы автокөліктің 25 жастағы жүргізушісі үш баланы қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы 19 наурыз сағат 15.00 шамасында Шемонаихадағы Вокзальная көшесінде болды, деп хабарлайды altaynews.kz порталы.
Апат салдарынан төрт жастағы, тоғыз және 15 жастағы балалар зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен Шемонаиха ауданының ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Nissan Skyline автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0