Семейде оқушы батып бара жатқан сыныптасын құтқарып қалды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Семейде жетінші сынып оқушысы Ертіске батып кете жаздады. Оны сыныптасы құтқарып қалды, деп хабарлайды Аrnapress.
1 мамыр күні Әуезов аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, Шағала ауданы маңында көз алдында кәмелеттік жасқа толмаған баланың суға кеткенін хабарлаған.
Полицияға түскен бұл ақпарат расталмады – бала аман қалған.
Оқушыны оның сыныптасы, №11 орта мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Омаров құтқарып қалған. Ол досына алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Оқиға орнына жеткен патруль полициясы батальоны Ертіс өзеніне батып кете жаздаған 11 жасар оқушыны дереу жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Қоғам
Полиция қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды – видео