https://sputnik.kz/20211228/Politsiya-kyzmetker-suitsid-19007016.html
Полиция қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды – видео
Полиция қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды – видео
Sputnik Қазақстан
Оқиға 27 желтоқсанда, түн ортасында, Алматы қаласы Әуезов ауданында болған 28.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-28T21:13+0500
2021-12-28T21:13+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
полиция
суицид
https://sputnik.kz/img/293/95/2939523_0:110:1920:1190_1920x0_80_0_0_08d4bfa2766edc8ce466c4d16569ee41.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Оқиға 27 желтоқсанда, түн ортасында, қаланың Әуезов ауданында болған."Мен №14 модульдік бекетте қызметке тұрдым. Бір кезде ағаштардың арасынан бір адамды байқадым. Ол өзін күдікті ұстады. Жақындаған кезімде оның асылып қалғанын байқадым. Мен жүгіріп барып, оның аяғынан ұстап, жоғары көтеріп, сымды босатып, түсірдім. Ол есінен танып қалды. Өмір сүру белгілерін көрсетпеді. Сосын мен оның аяғынан ұстап, дем алғанша жоғары қарай көтере бастадым. Бірнеше секундтан кейін ер адам терең дем шығарды. Осы кезде жедел жәрдем келді", – дейді жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Санат Шөнеков.Абырой болғанда, ер адам аман қалды."Бұл 37 жастағы С. есімді азамат. Неліктен ер адам мұндай шарасыз әрекетке баруға шешім қабылдады, біз оны тексеру жұмыстары кезінде анықтаймыз. Қазір ол ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді", – деді Әуезов АПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/293/95/2939523_24:0:1732:1281_1920x0_80_0_0_df14890e7db67d69ffdd77842d485584.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, суицид
Полиция қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды – видео
21:13 28.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Оқиға 27 желтоқсанда, түн ортасында, Алматы қаласы Әуезов ауданында болған
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Оқиға 27 желтоқсанда, түн ортасында, қаланың Әуезов ауданында болған.
"Мен №14 модульдік бекетте қызметке тұрдым. Бір кезде ағаштардың арасынан бір адамды байқадым. Ол өзін күдікті ұстады. Жақындаған кезімде оның асылып қалғанын байқадым. Мен жүгіріп барып, оның аяғынан ұстап, жоғары көтеріп, сымды босатып, түсірдім. Ол есінен танып қалды. Өмір сүру белгілерін көрсетпеді. Сосын мен оның аяғынан ұстап, дем алғанша жоғары қарай көтере бастадым. Бірнеше секундтан кейін ер адам терең дем шығарды. Осы кезде жедел жәрдем келді", – дейді жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Санат Шөнеков.
Абырой болғанда, ер адам аман қалды.
"Бұл 37 жастағы С. есімді азамат. Неліктен ер адам мұндай шарасыз әрекетке баруға шешім қабылдады, біз оны тексеру жұмыстары кезінде анықтаймыз. Қазір ол ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді", – деді Әуезов АПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.