НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Тереңкөл ауданы Қарасұқ ауылының хабар-ошарсыз кеткен тұрғыны Дархан Байтоқты осымен үшінші күн іздестіріп жатыр. Бұл туралы павлодарлық VITA іздеу отрядының еріктілері әлеуметтік желіде хабарлады.
"29 сәуірден 30 сәуірге қараған түні Дархан 13 досымен бірге өз ауылынан шамамен бір шақырым жерде қолдан жасалған шағын үйде демалған. Олар көңіл көтерген, түнгі екіден кейін Дархан үйіне қайтуға жиналған, бірақ сол күйі келмеген. Жігіт жоғалып кетті", - дейді еріктілер.
Содан бері 27 жастағы ауыл тұрғынын ешкім көрмепті. Дарханды үйде қарт ата-анасы күтіп отыр.
Еріктілер облыстың барлық тұрғынынан көмек сұрады.
Жоғалған адам туралы ақпаратты WhatsApp арқылы мына нөмірлер бойынша +7 (747) 615 55 63 Катерина немесе +7 (777) 334 82 01 Светлана хабарлауға болады.