Өңірлер

Павлодар облысында достарымен қыдыруға шыққан жас жігіт жоғалып кетті

© Поисковый отряд VITAЕріктілер Дарханды іздестіріп жатыр
Еріктілер Дарханды іздестіріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Жазылу
Тереңкөл ауданының тұрғынын екі тәуліктен астам уақыт іздеп жатыр. Еріктілер барлық куәгерден көмек сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Тереңкөл ауданы Қарасұқ ауылының хабар-ошарсыз кеткен тұрғыны Дархан Байтоқты осымен үшінші күн іздестіріп жатыр. Бұл туралы павлодарлық VITA іздеу отрядының еріктілері әлеуметтік желіде хабарлады.
"29 сәуірден 30 сәуірге қараған түні Дархан 13 досымен бірге өз ауылынан шамамен бір шақырым жерде қолдан жасалған шағын үйде демалған. Олар көңіл көтерген, түнгі екіден кейін Дархан үйіне қайтуға жиналған, бірақ сол күйі келмеген. Жігіт жоғалып кетті", - дейді еріктілер.
© Поисковый отряд VITAЕріктілер Дарханды іздестіріп жатыр
Волонтеры ищут пропавшего Дархана Байтока - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Еріктілер Дарханды іздестіріп жатыр
Содан бері 27 жастағы ауыл тұрғынын ешкім көрмепті. Дарханды үйде қарт ата-анасы күтіп отыр.
Еріктілер облыстың барлық тұрғынынан көмек сұрады.
Жоғалған адам туралы ақпаратты WhatsApp арқылы мына нөмірлер бойынша +7 (747) 615 55 63 Катерина немесе +7 (777) 334 82 01 Светлана хабарлауға болады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Өскеменде бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
Жаңалықтар
0