НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Елордадағы медициналық орталық әлеуметтік осал топтардағы тамырлы патологиясы бар балаларды ақысыз негізде емдейді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Әлеуметтік кәсіпкер және Ағабек Қарабеков атындағы қоғамдық қордың құрылтайшысы Роза Қарабекова басқаратын медициналық орталық "Қазақ халқына" қорының серіктесі болды.
"Медициналық орталықта біз тамырлы патологиясы бар балаларға кеңес беру және диагностикалық көмек, лазерлік емдеу қызметтерін көрсетеміз. Бізге еліміздің барлық өңірінен пациенттер жүгінеді. Өз жобамыздың аясында шетелдік мамандарды шақыру арқылы халықаралық шеберлік сыныптарын ұйымдастырамыз", – дейді Роза Қарабекова.
"Қазақ халқына" қорының серіктесі болған орталық әлеуметтік осал топтардағы балаларға тегін консультациялық және диагностикалық көмек беруді, сондай-ақ лазерлік емдеу қызметін көрсетуді жоспарлап отыр.
Қоғамдық қорда ерекше қажеттіліктері бар әйелдер, мүгедектігі бар балалар жұмыс істейді, орталық мамандары тегін негізде көмек көрсетеді.
"Біз Семейден келдік. Бұл орталыққа қызымның алты айлық кезінде жүгіндім. Клиниканы әлеуметтік желі арқылы таптым. Біз 4 ай бойы емдеу мен дәрі-дәрмектердің арқасында баламда гемангиома азайды. Осы үшін қатты қуаныштымын. Орталық мамандарына алғысымды білдіремін. Көмек сұрап жүгінген ата-аналардың көңілі қалмайды деп санаймын", – деп атап өтті Мақпал Әбілова.