https://sputnik.kz/20220429/nur-sultan-meditsina-ortalygy-24556507.html
Нұр-Сұлтандағы медицина орталығы әлеуметтік осал топтардағы балаларды тегін емдейді
Нұр-Сұлтандағы медицина орталығы әлеуметтік осал топтардағы балаларды тегін емдейді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Елордадағы медициналық орталық әлеуметтік осал топтардағы тамырлы патологиясы бар балаларды ақысыз негізде емдейді, деп... 29.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-29T19:19+0500
2022-04-29T19:19+0500
2022-04-29T19:20+0500
медицина
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1d/24556619_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_72280d107ca581aa47526b31559dc033.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Елордадағы медициналық орталық әлеуметтік осал топтардағы тамырлы патологиясы бар балаларды ақысыз негізде емдейді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.Әлеуметтік кәсіпкер және Ағабек Қарабеков атындағы қоғамдық қордың құрылтайшысы Роза Қарабекова басқаратын медициналық орталық "Қазақ халқына" қорының серіктесі болды."Қазақ халқына" қорының серіктесі болған орталық әлеуметтік осал топтардағы балаларға тегін консультациялық және диагностикалық көмек беруді, сондай-ақ лазерлік емдеу қызметін көрсетуді жоспарлап отыр.Қоғамдық қорда ерекше қажеттіліктері бар әйелдер, мүгедектігі бар балалар жұмыс істейді, орталық мамандары тегін негізде көмек көрсетеді."Біз Семейден келдік. Бұл орталыққа қызымның алты айлық кезінде жүгіндім. Клиниканы әлеуметтік желі арқылы таптым. Біз 4 ай бойы емдеу мен дәрі-дәрмектердің арқасында баламда гемангиома азайды. Осы үшін қатты қуаныштымын. Орталық мамандарына алғысымды білдіремін. Көмек сұрап жүгінген ата-аналардың көңілі қалмайды деп санаймын", – деп атап өтті Мақпал Әбілова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1d/24556619_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_fd3be5c19bb12ae1fcf06caef8fdc912.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина
Нұр-Сұлтандағы медицина орталығы әлеуметтік осал топтардағы балаларды тегін емдейді
19:19 29.04.2022 (жаңартылды: 19:20 29.04.2022) НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Елордадағы медициналық орталық әлеуметтік осал топтардағы тамырлы патологиясы бар балаларды ақысыз негізде емдейді, деп
хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Әлеуметтік кәсіпкер және Ағабек Қарабеков атындағы қоғамдық қордың құрылтайшысы Роза Қарабекова басқаратын медициналық орталық "Қазақ халқына" қорының серіктесі болды.
"Медициналық орталықта біз тамырлы патологиясы бар балаларға кеңес беру және диагностикалық көмек, лазерлік емдеу қызметтерін көрсетеміз. Бізге еліміздің барлық өңірінен пациенттер жүгінеді. Өз жобамыздың аясында шетелдік мамандарды шақыру арқылы халықаралық шеберлік сыныптарын ұйымдастырамыз", – дейді Роза Қарабекова.
"Қазақ халқына" қорының серіктесі болған орталық әлеуметтік осал топтардағы балаларға тегін консультациялық және диагностикалық көмек беруді, сондай-ақ лазерлік емдеу қызметін көрсетуді жоспарлап отыр.
Қоғамдық қорда ерекше қажеттіліктері бар әйелдер, мүгедектігі бар балалар жұмыс істейді, орталық мамандары тегін негізде көмек көрсетеді.
"Біз Семейден келдік. Бұл орталыққа қызымның алты айлық кезінде жүгіндім. Клиниканы әлеуметтік желі арқылы таптым. Біз 4 ай бойы емдеу мен дәрі-дәрмектердің арқасында баламда гемангиома азайды. Осы үшін қатты қуаныштымын. Орталық мамандарына алғысымды білдіремін. Көмек сұрап жүгінген ата-аналардың көңілі қалмайды деп санаймын", – деп атап өтті Мақпал Әбілова.