Тоқаев мәжіліс депутатын сайлауға қатысты

Мемлекет басшысы мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінен шығып қалған депутаттың орнына Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлады БОРТ 1 Telegram-арнасы.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.
"Бірақ біздің парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін президент Қазақстан халқына арнаған жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ҚХА квотасы мәжілістен сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.
Президент сайлауы - 2022
Мәжіліс төрағасы президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді