сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Мәжіліс төрағасы президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді

© Sputnik / Абзал КалиевЕрлан Қошанов
Ерлан Қошанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
Бұдан бөлек, БАҚ өкілдері "екі лауазымды қатар атқару әділетсіздік емес пе?" деп сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов алдағы президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер Қошановтан алдағы уақытта Amanat партиясынан президент сайлауына түсесіз бе деп сұрады.
"Қарастырып та, жоспарлап та отырған жоқпын. Жоспарымда да, ойымда да жоқ", - деп жауап берді Қошанов.
Сондай-ақ ол таяуда Amanat партиясының өңірлік филиалдарымен жиналыс өтетінін, ол жерде партияның алдағы жоспарлапы талқыланатынын атап өтті.
Бұдан бөлек, БАҚ өкілдері "екі лауазымды қатар атқару әділетсіздік емес пе?" деп сұрады.
"Менің ойымша, ешқандай әділетсіздік жоқ. Заңнамалық қайшылықтар жоқ, құқықтық коллизиялар жоқ. Мен мәжіліс төрағасы және партия төрағасы қызметтерін заңды түрде атқарамын. Бұл партияластарымның маған артқан сенімі", - деді мәжіліс спикері.
Еске салсақ, кеше, 26 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатты. Енді партияны мәжіліс спикері Ерлан Қошанов басқарады.
Жаңалықтар
0