НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Мюнхен (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 1-ракеткалары, Токио Олимпиадасының және 2021 жылғы Уимблдон турнирінің чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павичпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-франциялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Андрей мен Фабрис жалпы жүлде қоры 600 мың еуроға жуықтайтын доданың жартылай финалына шығу үшін сербиялықтар Иван және Матей Шабановтармен ойнайды.