https://sputnik.kz/20220428/tennis-turnir-olimpiada-chempion-24512484.html
Қазақстандық теннисші Мюнхендегі турнирде олимпиада чемпиондарын ұтты
Қазақстандық теннисші Мюнхендегі турнирде олимпиада чемпиондарын ұтты
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық-франциялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T10:14+0500
2022-04-28T10:14+0500
2022-04-28T10:14+0500
теннис
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1c/24512428_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_4a578eb1bbf8847f556bf5b445f7eedc.jpg.webp
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Мюнхен (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 1-ракеткалары, Токио Олимпиадасының және 2021 жылғы Уимблдон турнирінің чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павичпен шеберлік байқасты.Қазақстандық-франциялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.Андрей мен Фабрис жалпы жүлде қоры 600 мың еуроға жуықтайтын доданың жартылай финалына шығу үшін сербиялықтар Иван және Матей Шабановтармен ойнайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1c/24512428_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_28b58d031b5f1db63e8a14d391333baa.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теннис
Қазақстандық теннисші Мюнхендегі турнирде олимпиада чемпиондарын ұтты
Қазақстандық-франциялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Мюнхен (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 1-ракеткалары, Токио Олимпиадасының және 2021 жылғы Уимблдон турнирінің чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павичпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-франциялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Андрей мен Фабрис жалпы жүлде қоры 600 мың еуроға жуықтайтын доданың жартылай финалына шығу үшін сербиялықтар Иван және Матей Шабановтармен ойнайды.