Қоғам

Қошанов Болат Назарбаевтың жауапқа тартылуы мүмкін екенін жоққа шығармады

"Алтын орда" базарын Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен оның туыстары басқарады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "Алтын Орда" базарындағы заңбұзушылықтар үшін Болат Назарбаев жауапқа тартыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алтын Орда" базарына қатысты тергеу жүріп жатыр. Әділ шешім болады деп ойлаймын. Соңғы шешімді күту керек. Бүгінде өздеріңіз көріп отырсыздар, тиісуге болмайтын адам жоқ. Егер қылмыс жасаса, базардың қожайыны болсын, басшысы болсын, тиісті жазаға тартылады", - деді Қошанов мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Бұған дейін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базарында тергеу жүріп жатқанын айтқан болатын. Оның сөзінше, базарда санитарлық, экологиялық, құрылыс, төтенше жағдай нормалары бұзылған.
Айта кетері, "Алтын орда" базарын Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен оның туыстары басқарады.
Тоқаев "майшелпекке" теңеген базардың қожайыны Болат Назарбаев болып шықты