Фото

Ауылдың көктемгі келбеті – фото

Ауыл – елдің бесігі. Әдетте ауыл десе, асыр салып ойнаған балалық шақ, мал жайлап жүрген тұрғындар, сиыр сауып отырған келіншек пен дала жұмыстары елестейді
Sputnik
Күннің ыстығы мен суығына қарамастан даладағы тіршілік бір тоқтамайды. Көктем келе ауыл көк майсаға оранып, тұрғындар тіршілігі қыза түседі.
Sputnik Қазақстан оңтүстіктегі ауылдың көктемдегі жайма шуақ күнінен фотолар ұсынады.
1 / 12

Түркістан облысында жаңадан құрылған Сауран ауданына қарайтын Абай ауылы. Әкімшілік бөліністе Қаратаудың етегіндегі ауыл Бабайқорған ауыл округінің құрамына кіреді.

2 / 12

Ауыл халқы негізінен мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын қатар жүргізіп отыр. Бірі гектар жерге қауын-қарбыз егеді, енді бірі алма бағын өсіріп, жыл сайын жемісін жеп отыр. Ауылда қора-қора қой мен, отар-отар сиыр, үйір-үйір жылқы да бар. Арасында көшеде тайраңдап жүрген қазды да кездестірдік.

3 / 12

Әдетте ауылдарда бір үлкен көше болады. Әрі қарай майда көшелерге таралып, бір жағы қырға дейін үй салады. Бұл ауылда да солай. Үлкен көшенің бойында мектеп, автобус аялдамасы, аурухана, балабақша, дүкендер тұр.

4 / 12

Ауылда жайлылық, тыныштық бар. Үлкендер үйдің алдында немере-шөберенің ортасында отырады.

5 / 12

Ауылдағы пошта бөлімшесі

6 / 12

Ауылдағы әйелдер алыстан ер адам келе жатса, жолын кесіп өтпейді. Алдымен сол кісінің өтіп кетуін күтеді. Бұл жазылмаған дәстүрді жас келіндер де ұстанады. Сондай-ақ әйелдердің басынан орамалы түспеген.

7 / 12

Ауыл халқы көктем келе ағаштарды кесіп, отын дайындығына кіріседі.

8 / 12

Абай ауылы Түркістан қаласынан 40-50 минуттық жерде орналасқан ауыл. Алайда мұнда әлі газ тартылмаған. Сол себепті ауыл халқы үйдегі отынның күлін осылай көшеге тастауға мәжбүр. Біраз күл-қоқыс жиналған соң ақшасын төлеп, ауылдың сыртындағы шұңқырға төктіреді.

9 / 12

Ауылдағы аялдама

10 / 12

Асфальт ауылдағы басты көшеге төселген. Ал қалған көшелерге асфальт төсеу келешектің еншісінде

11 / 12

Ауыл еңбекке баулиды. Күндіз көше тыныш болғанымен кешкісін шаруа қызып, барлығы жан-жақтан қойын қораға кіргізіп, жоғын санап, жұмысын істейді. Кейбірі Түркістан қаласында жұмыс істейді. Фотода ақсақалдардың бірі шарбағын түзеп жүр.

12 / 12

Өзіңе келсем шаттанам, Бөленіп көңіл күйге бір. Жадырап, жайнап аттанам, Өнгендей болып үйге гүл, дейді ақын Марфуға Айтқожина. Ауылдың аурасы да бөлек, сыйлайтын эмоциясы да ерекше.