Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ауылдың көктемгі келбеті – фото

Жазылу
Ауыл – елдің бесігі. Әдетте ауыл десе, асыр салып ойнаған балалық шақ, мал жайлап жүрген тұрғындар, сиыр сауып отырған келіншек пен дала жұмыстары елестейді
Күннің ыстығы мен суығына қарамастан даладағы тіршілік бір тоқтамайды. Көктем келе ауыл көк майсаға оранып, тұрғындар тіршілігі қыза түседі.
Sputnik Қазақстан оңтүстіктегі ауылдың көктемдегі жайма шуақ күнінен фотолар ұсынады.
© Айгерім Таубай

Түркістан облысында жаңадан құрылған Сауран ауданына қарайтын Абай ауылы. Әкімшілік бөліністе Қаратаудың етегіндегі ауыл Бабайқорған ауыл округінің құрамына кіреді.

Түркістан облысында жаңадан құрылған Сауран ауданына қарайтын Абай ауылы. Әкімшілік бөліністе Қаратаудың етегіндегі ауыл Бабайқорған ауыл округінің құрамына кіреді. - Sputnik Қазақстан
1/12

Түркістан облысында жаңадан құрылған Сауран ауданына қарайтын Абай ауылы. Әкімшілік бөліністе Қаратаудың етегіндегі ауыл Бабайқорған ауыл округінің құрамына кіреді.

© Айгерім Таубай

Ауыл халқы негізінен мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын қатар жүргізіп отыр. Бірі гектар жерге қауын-қарбыз егеді, енді бірі алма бағын өсіріп, жыл сайын жемісін жеп отыр. Ауылда қора-қора қой мен, отар-отар сиыр, үйір-үйір жылқы да бар. Арасында көшеде тайраңдап жүрген қазды да кездестірдік.

Ауыл халқы негізінен мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын қатар жүргізіп отыр. Бірі гектар жерге қауын-қарбыз егеді, енді бірі алма бағын өсіріп, жыл сайын жемісін жеп отыр. Ауылда қора-қора қой мен, отар-отар сиыр, үйір-үйір жылқы да бар. Арасында көшеде тайраңдап жүрген қазды да кездестірдік. - Sputnik Қазақстан
2/12

Ауыл халқы негізінен мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын қатар жүргізіп отыр. Бірі гектар жерге қауын-қарбыз егеді, енді бірі алма бағын өсіріп, жыл сайын жемісін жеп отыр. Ауылда қора-қора қой мен, отар-отар сиыр, үйір-үйір жылқы да бар. Арасында көшеде тайраңдап жүрген қазды да кездестірдік.

© Айгерім Таубай

Әдетте ауылдарда бір үлкен көше болады. Әрі қарай майда көшелерге таралып, бір жағы қырға дейін үй салады. Бұл ауылда да солай. Үлкен көшенің бойында мектеп, автобус аялдамасы, аурухана, балабақша, дүкендер тұр.

Әдетте ауылдарда бір үлкен көше болады. Әрі қарай майда көшелерге таралып, бір жағы қырға дейін үй салады. Бұл ауылда да солай. Үлкен көшенің бойында мектеп, автобус аялдамасы, аурухана, балабақша, дүкендер тұр.  - Sputnik Қазақстан
3/12

Әдетте ауылдарда бір үлкен көше болады. Әрі қарай майда көшелерге таралып, бір жағы қырға дейін үй салады. Бұл ауылда да солай. Үлкен көшенің бойында мектеп, автобус аялдамасы, аурухана, балабақша, дүкендер тұр.

© Айгерім Таубай

Ауылда жайлылық, тыныштық бар. Үлкендер үйдің алдында немере-шөберенің ортасында отырады.

Ауылда жайлылық, тыныштық бар. Үлкендер үйдің алдында немере-шөберенің ортасында отырады. - Sputnik Қазақстан
4/12

Ауылда жайлылық, тыныштық бар. Үлкендер үйдің алдында немере-шөберенің ортасында отырады.

© Айгерім Таубай

Ауылдағы пошта бөлімшесі

Ауылдағы пошта бөлімшесі - Sputnik Қазақстан
5/12

Ауылдағы пошта бөлімшесі

© Айгерім Таубай

Ауылдағы әйелдер алыстан ер адам келе жатса, жолын кесіп өтпейді. Алдымен сол кісінің өтіп кетуін күтеді. Бұл жазылмаған дәстүрді жас келіндер де ұстанады. Сондай-ақ әйелдердің басынан орамалы түспеген.

Ауылдағы әйелдер алыстан ер адам келе жатса, жолын кесіп өтпейді. Алдымен сол кісінің өтіп кетуін күтеді. Бұл жазылмаған дәстүрді жас келіндер де ұстанады. Сондай-ақ әйелдердің басынан орамалы түспеген. - Sputnik Қазақстан
6/12

Ауылдағы әйелдер алыстан ер адам келе жатса, жолын кесіп өтпейді. Алдымен сол кісінің өтіп кетуін күтеді. Бұл жазылмаған дәстүрді жас келіндер де ұстанады. Сондай-ақ әйелдердің басынан орамалы түспеген.

© Айгерім Таубай

Ауыл халқы көктем келе ағаштарды кесіп, отын дайындығына кіріседі.

Ауыл халқы көктем келе ағаштарды кесіп, отын дайындығына кіріседі. - Sputnik Қазақстан
7/12

Ауыл халқы көктем келе ағаштарды кесіп, отын дайындығына кіріседі.

© Айгерім Таубай

Абай ауылы Түркістан қаласынан 40-50 минуттық жерде орналасқан ауыл. Алайда мұнда әлі газ тартылмаған. Сол себепті ауыл халқы үйдегі отынның күлін осылай көшеге тастауға мәжбүр. Біраз күл-қоқыс жиналған соң ақшасын төлеп, ауылдың сыртындағы шұңқырға төктіреді.

Абай ауылы Түркістан қаласынан 40-50 минуттық жерде орналасқан ауыл. Алайда мұнда әлі газ тартылмаған. Сол себепті ауыл халқы үйдегі отынның күлін осылай көшеге тастауға мәжбүр. Біраз күл-қоқыс жиналған соң ақшасын төлеп, ауылдың сыртындағы шұңқырға төктіреді. - Sputnik Қазақстан
8/12

Абай ауылы Түркістан қаласынан 40-50 минуттық жерде орналасқан ауыл. Алайда мұнда әлі газ тартылмаған. Сол себепті ауыл халқы үйдегі отынның күлін осылай көшеге тастауға мәжбүр. Біраз күл-қоқыс жиналған соң ақшасын төлеп, ауылдың сыртындағы шұңқырға төктіреді.

© Айгерім Таубай

Ауылдағы аялдама

Ауылдағы аялдама - Sputnik Қазақстан
9/12

Ауылдағы аялдама

© Айгерім Таубай

Асфальт ауылдағы басты көшеге төселген. Ал қалған көшелерге асфальт төсеу келешектің еншісінде

Асфальт ауылдағы басты көшеге төселген. Ал қалған көшелерге асфальт төсеу келешектің еншісінде - Sputnik Қазақстан
10/12

Асфальт ауылдағы басты көшеге төселген. Ал қалған көшелерге асфальт төсеу келешектің еншісінде

© Айгерім Таубай

Ауыл еңбекке баулиды. Күндіз көше тыныш болғанымен кешкісін шаруа қызып, барлығы жан-жақтан қойын қораға кіргізіп, жоғын санап, жұмысын істейді. Кейбірі Түркістан қаласында жұмыс істейді. Фотода ақсақалдардың бірі шарбағын түзеп жүр.

Ауыл еңбекке баулиды. Күндіз көше тыныш болғанымен кешкісін шаруа қызып, барлығы жан-жақтан қойын қораға кіргізіп, жоғын санап, жұмысын істейді. Кейбірі Түркістан қаласында жұмыс істейді. Фотода ақсақалдардың бірі шарбағын түзеп жүр. - Sputnik Қазақстан
11/12

Ауыл еңбекке баулиды. Күндіз көше тыныш болғанымен кешкісін шаруа қызып, барлығы жан-жақтан қойын қораға кіргізіп, жоғын санап, жұмысын істейді. Кейбірі Түркістан қаласында жұмыс істейді. Фотода ақсақалдардың бірі шарбағын түзеп жүр.

© Айгерім Таубай

Өзіңе келсем шаттанам, Бөленіп көңіл күйге бір. Жадырап, жайнап аттанам, Өнгендей болып үйге гүл, дейді ақын Марфуға Айтқожина. Ауылдың аурасы да бөлек, сыйлайтын эмоциясы да ерекше.

Өзіңе келсем шаттанам, Бөленіп көңіл күйге бір. Жадырап, жайнап аттанам, Өнгендей болып үйге гүл, дейді ақын Марфуға Айтқожина. Ауылдың аурасы да бөлек, сыйлайтын эмоциясы да ерекше. - Sputnik Қазақстан
12/12

Өзіңе келсем шаттанам, Бөленіп көңіл күйге бір. Жадырап, жайнап аттанам, Өнгендей болып үйге гүл, дейді ақын Марфуға Айтқожина. Ауылдың аурасы да бөлек, сыйлайтын эмоциясы да ерекше.

Жаңалықтар
0