НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Тараз қаласында биік бағанаға шығып алған ер адаммен келіссөз жүргізу үшін бас полицей мен бас прокурорды кранмен көтеруге тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін полицияға орталық стадионда орналасқан биік бағанаға ер адамның шыққаны туралы хабар түскен. Облыс тұрғыны қандай талап қойғаны белгісіз.
Оқиға орнына Тараз қаласының прокуроры Жамбыл Сматов пен полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков барды. Оларды кранмен көтеруге тура келді. Екеуі бағанаға шығып кеткен 43 жастағы ер адаммен келіссөз жүрігізіп, жерге түсуге көндірген.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қажетті шараларды атқарған. Бағананың аумағы дереу бақылауға алынғаны хабарланды. Зардап шеккендер жоқ.
Тексеріс кезінде бағанаға шығып кеткен ер адамның Жамбыл облыстық психологиялық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталды.