НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Астаналық құтқарушылар "Қараөткел" көпірінің шыңына шығып кеткен жасөспірімдерді түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 шілде күні үш адам көпірдің доғасына шығып кеткені туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден сол жерге аттанды. Олар күнге қыздырынып жатамыз деп, көпірдің доғасына шыққаны белгілі болды.
Күнге жақын жатамыз деген жасөспірімдерді арнайы альпинистік құрал-жабдық көмегімен түсіріп алуға тура келді. Мамандар құтқару операциясын видеосын бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, экстремалдар "Қараөткел" көпірінің доғасына шыққанды ұнатады. Біреулер мас болғандықтан, енді біреулер әдемі селфи мен фото үшін тәуекелге барады. Мәселен, 2016 жылы алты бірдей адам көпірдің шыңына шыққан. Олардың біреу өз-өзіне қол салмақ болды. Бірақ құтқарушылар оны түсіріп алды.
Көпірдің доғасына шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұзақыларға, көбінесе, айыппұл салынады.