Денсаулық

Жұмыртқаны мөлшерден көп жесе, панкреатит асқынуы мүмкін - диетолог

Жұмыртқада өте көп холестерин бар, сондықтан қорыту үшін ауыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір — Sputnik. Диетолог, тамақтану қауымдастығының мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты Дарья Русакова жұмыртқаны шамадан тыс жеудің қаупі туралы айтты.
Жұмыртқаны көп мөлшерде және қатты қайнатылған күйінде жеу бауырға үлкен ауыртпалық болады. Бұл панкреатит пен холелитиаздың өршуіне әкелуі мүмкін, дейді диетолог URA.RU-ға.
"Адамдар өт тас ауруы мен панкреатиттің өршуіне, түрлі ішек проблемаларына тап болуы мүмкін", - деп түсіндірді Дарья Русакова.
Бұл, негізінен, панкреатитке, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына, холелитиазға бейім адамдарда байқалады. Сондай-ақ қарт адамдар үшін қауіпті. Өйткені оларда асқазан-ішек жолдарының функциясы бұзылған және ферменттік жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
"Сондықтан олар үшін бір жегенде екі жұмыртқадан көп жемеуге тиіс", - деп қорытындылады диетолог.
Әлем
Қытайдан әкелінді делінген "резеңке" жұмыртқаның құпиясы ашылды – видео