Экономика

26 сәуірге арналған теңгенің ресми бағамы қандай

Ұлттық валюта апта басында сәл әлсіреді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Дүйсенбі, 25 сәуір қазақстандық қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 448,44 теңгені құрады.
Бұл оның алдындағы саудамен салыстырғанда 4,35 теңгеге артық.
Сауда қатысушылары жалпы сомасы 49,79 млн долларға 142 мәміле жасады. Бұл жұма, 22 сәуірге қарағанда 19,1 млн долларға аз. Ол кезде доллардың орташа бағамы 444,09 теңге деңгейінде қалыптасқан еді.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 445-449 теңгеге сатып алып, 449-454 теңгеден сатып жатыр.
Ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы 26 сәуірде 448,26 теңгені құрайды. Бұл бағам KASE-тегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша қалыптасты.
Ал рубльдің орташа бағамы 6 теңге болды. Сауда қатысушылары 1 млрд рубльге 49 мәміле жасады.
Экономика
Ұлттық банк базалық ставканы 14%-ке дейін көтерді