Спорт

Елдің үздік семсершілері анықталды

Лондон Олимпиадасына қатысқан шымкенттік семсерлесуші Эльмир Әлімжанов тағы ел чемпионы атағын жеңіп алды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды.
Әйелдер арасында алматылық София Николайчук чемпион атанды. Ал Владислава Андреева (ШҚО), Александра Тамбовцева (Шымкент) пен Наталья Зинякова (Алматы) жүлдегерлер қатарынан көрінді.
2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан шымкенттік семсерлесуші Эльмир Әлімжанов тағы ел чемпионы атағын жеңіп алды. Ал Руслан Құрбанов (ШҚО), Георгий Тинников (Алматы) мен Вадим Шарлаимов (ШҚО) жүлдегер атанды.
Спорт
Қырғыз елі қазақтың спортшы қызы жасаған әрекетке риза болды – видео